Өскемен тұрғынын қорқытып, 1 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

159
көрілім
Фото: ШҚО ПД

Өскемен қаласының тұрғынын қорқытып, 1 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құқық қорғау органдарына хабарласқан азамат көмек сұрады. Өз сөзінде ол ер адамның оған күш көрсете отырып, тек өзіне емес, оның отбасына да қауіп төндіргенін, одан 1 миллион теңге бопсалағанын жеткізді. 

«Жедел-тергеу амалдарының нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы қала тұрғынын 200 000 теңге алу кезінде ұстады. Бопсалаушы өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіні мүлкі тәркіленіп, үштен жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.