Өскемен тұрғынынан есірткі және психотропты заттар салынған 10-нан астам түйіншек тәркіленді

442
көрілім

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі мен психотропты заттарды сатумен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 42 жастағы қала тұрғынының гаражынан 10 полимерлі түйіншекке оралған өзіндік иісі бар өсімдік тәрізді зат табылды. Кейіннен оның көлігін тексеру барысында осындай тағы да 4 түйіншек анықталған. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат – салмағы жарты келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
«Ал күдіктінің көлігінен «Жылдамдық» деп аталатын психотропты заттың 8 дозасы табылған. Ер адам есірткіні сатпақ болғанын мойындап отыр. Қазірде аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен және 297 бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.