Өскемен тұрғынынан Калашников автоматының патрондары табылды

2337
көрілім

Қараша айының соңында өңір тәртіп сақшыларына Өскемен тұрғындары бірінің үйінде ойық қару патрондарын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеріс барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынының сейфте қаруға арналған 20 патрон сақтағаны анықталды.

Сарапшы қорытындысына сәйкес 7,62 мм калибрлі патрондардың бірі Калашников автоматынан атуға және 7,62 мм калибрлі ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып шықты, ал қалған 19 патрон ойық және аралас аңшылық қарудан атуға арналған 5,6х39 мм аңшылық патрондар. Зауыттық әдіспен жасалған әрі атуға жарамды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір тұрғынның оқ дәрілерді қалай, қайдан алғаны анықталуда. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданбақ, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.