Өскемен тұрғынынан патрон тәркіленді

308
көрілім
Сурет Өскемен қаласы ПБ

Қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Ертіс полиция бөлімінің тәртіп сақшылары  «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы кезінде «Металлург» бау-бақша серіктестігі тұрғынының үйінен 16 калибрлі төрт патронды тәркіледі, – деді  Ертіс полиция бөлімі бастығының орынбасары Болатжан Рахымбаев.
Аталған факті бойынша 482-баптың 1-бөлігіне (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау)  сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оның санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Естеріңізге сала кетсек, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы наурыздың 20-сына дейін жалғасады.