Өскемен тұрғынының үйінен бүйі табылды

715
көрілім

Үйлерінен тауып алған өрмекшілердің суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттің біріндегі өрмекші тұрғынның үйінен табылғандығы туралы айтылып, желі қолданушылары өз болжамдарымен де бөлісті, ақыры оны бүйі деген ақпаратты С.Аманжолов атындағы ШҚУ биология кафедрасының профессоры Константин Прокопов растады.

– Өңіріміздегі климаттық жағдай өрмекші тектестерге қолайлы болып келеді. Сол үшін де олардың санының өсуі қалыпты жағдай. Бүйі адамдарға белсенді түрде шабуыл жасамайды. Шағуы ауыр, бірақ өлімге әкелмейді, – деп қосты маман.

Ал екінші дерекке жүгінсек, тұрғын жер үйдегі бақшасынан сыртқы түрі араға ұқсайтын үлкен көлемдегі сары өрмекші тауып алған. Оның бүйі қатарындағы «аргиоп» екені анықталды.

– Біздің өңірде адам денсаулығына зиян келтіретін өрмекші тектес болса ол – «сары аргиоп», - дейді облыстық медициналық орталықтың токсикология бөлімінің меңгерушісі Александр Майстер. – Сары бүйінің шағуы ауырсыну белгілерімен және денеге удың тарауымен байқалады. Егер шаққан жағдайда бірден ауруханаға барған жөн. Бірақ бізде мұндай өрмекшіден зардап шеккен науқастардың өлімі болған жоқ.

ШҚОденсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі биылғы жылы өрмекші шаққандығы жөнінде мекемеге ешқандай арыз-шағым келмегенін атап өтті.

– Менің тәжірибемде бір адамды қарақұрт шағып алған оқиға болды. Бұл біздің облысқа оңтүстіктен көкөніс тасымалымен еріп келген өрмекші екені анық болды. Науқас зиянкесті құмыраға салып әкелгендіктен, оны тістеген қарақұрт екенін анықтадық. Ем қабылдаушы ауруханада бір аптаға жуық жатты, – деп бөлісті Александр Мейстер.