Өскемен тұрғынының үйінен марихуана табылды

1000
көрілім

Наурыз айының ортасында есірткі қылмысына қатысы бар деп Өскеменнің 37 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында ШҚО прокуратурасы бірлесе әрекет етті.

– Тінту барысында ұсталған адамның тұрғылықты жерінен өсімдік тектес заты бар полимер пакет пен термос табылып, тәркіленді. Сарапшы қорытындысына сәйкес бұл жалпы салмағы 687,57 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып шықты. Ер адамға қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясымен 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.