Әзірге аталған ұсыныс облыс әкімдігінде қаралуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми бетінде облыстың бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушы Марат Исмаиловтың ұсынысы жарияланды. Қаулыда 2 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабу туралы айтылады.
Кейінірек жарияланым өшіріліп, іле шығысқазақстандықтар арасында үрей тудырды.
Десе де құжатты әзірлеумен айналысқан Марат Исмаилов аталмыш қаулы туралы ақпараттың жалған емес екендігін растады.
– Қазір қаулы облыс әкімдігінің жедел штабына енгізілді. Ол жерде қалаларды жабуға келісім берілуі де, берілмеуі де мүмкін, - деді ШҚО Бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушы.
Сондай-ақ Марат Исмаилов Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми парақшасынан парақтарды сканерлеу дұрыс жүргізілмегендіктен құжаттың өшірілгенін алға тартты.