Облыс әкімдігінде өңір билігі Еуропалық банктің өкілдерімен алда атқарылар шаруаның тәртібін талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстанның негізгі екі шаһарының көше шамдарын жаңарту жобасы мен облыс орталығының жылумен қамту жүйесін Еуропалық банктен бөлінетін қаражат арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қаржылық институтпен жұмыс келісілген шарттарға сәйкес жүргізілуде. Тапсырма мүлтіксіз орындалған жағдайда қос қаланың инфорақұрылымы дамып, әлеуметтік-экономикалық маңызды сұрақтар шешімін таппақ.