Өскемен жылу электр орталығын жөндеуге 300 жұмысшы тартылды

102
көрілім
фотосурет редакция мұрағатынан
«Өскемен жылу электр орталығы» ЖШС бас директоры Данияр Нұғымановтың айтуынша, қазір 9, 12-шы стансаның екі қазандығы күрделі жөндеуден және сегіз қазандық ағымдағы жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омар өскемендіктердің 80 пайызға жуығын жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу көзінің қысқа дайындық барысын тексерді. Қазір жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарының  56,2 пайызға орындалды.
-  Тоғыз қазандықтың төртеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 9-шы қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сегіз гидравликалық турбинаның екеуі де жөндеуден өтті. Жұмыс қарқыны жоғары, өйткені біз қала тұрғындарын тәулік бойы, жыл бойы жылу энергиясымен, ал жазда ыстық сумен қамтамасыз етеміз, - деді Данияр Тоқтарұлы.
Жылу электр орталығындағы көмір қоры қазір 320,3 мың тоннадан асады, бұл станцияны 62 күндік отынмен қамтамасыз етуге жетеді.
- Жылдағыдан үш есе көп отын жинадық. Сондай-ақ, мазут әдеттегіден екі есе артық сатып алынды. Жалпы, биыл біз негізінен жабдықты толық ауыстыруды жоспарға алдық. Бұған 11,2 млрд теңгеге жуық қомақты қаржы кетеді, - деді жылу орталығының басшысы.
Қала әкімі қазір Өскеменде 230 гигакалорияда жылу жетіспейтінін айта кетті.
– Қазір бірінші кезекте Сол жағалаудағы 2-ші қазандықты кеңейтіп жатырмыз. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Келесі жылы бізге қосымша 100 гигакалория жылу береді. Бұл қазірдің өзінде облыс орталығына жасалған жақсы көмек. Сондай-ақ Өскемен ЖЭО-да жаңа 16-шы қазандықты салу жобасы әзірленуде. Өздеріңіз көріп отырғандай, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазір мұнда 23 мердігер тартылып, 300 адам жөндеу жұмыстарын жүргізуде, – дейді Жақсылық Омар.
Өскеменде жылу энергиясын төлеу бойынша қарыз 411 миллион теңгені құраған. «Жылу желілері» АҚ басқарушы компания өкілдерінің айтуынша, қарыз негізінен коммерциялық ұйымдарға тиесілі. Қала тұрғындарының ішінде жылу ақысын уақыты төлемеу мәселесі жоқ көрінеді. Тек үйден өз бетімен шыға алмайтын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі бар. 
Қала әкімі тұрғындардан тұрғындардан қыстың қамын жазда ойлауды өтінді.
 
Зере ТАУБАЙ