Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Өскемен жылу желілері» коммуналдық кәсіпорның атауы ауысты. Енді ол «Шығыс Жылу» АҚ болып аталады. Сондай-ақ оған мемлекет меншігіне қайтарылған Риддер ЖЭО қосылды.
Мәслихатта өңір басшысы Ермек Көшербаев Риддер ЖЭС бүгінгі жағдайына тоқталып өтті.
- Өздеріңіз білетіндей, облысқа Үкімет басшысы Олжас Бектенов іс-сапармен келген еді. Риддер ЖЭС-на барып, жұмыс барысымен танысты. Осы тұста халықтың өзі де жылыту маусымына дұрыс дайындалу керек. Ол үшін тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет, - деді облыс әкімі.
Қымбат МУХАМАДИЕВА