Өскеменде 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге жол жүру жеңілдіктері беріледі

158
көрілім
ашық дереккөзден
Көлік картасымен төлеу кезінде жасөспірімдерді тасымалдау ақысы 45 теңгені құрайды. Жеңілдіктерге жергілікті бюджеттен ақша бөлінді, деп хабарлайды Buqar.kz сайтының тілшісі

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жасөспірімдерге жеңілдікпен жүру үшін қандай құжат қажет екенін түсіндірді.

- 15 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол жүру құжатының толық құнының елу пайызы мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған, - деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева. - Бүгінгі күні жеңілдік 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Өскемен қаласының барлық тұрақты қалалық бағыттарында трамвайлар мен автобустарда қолданылуда. Жеңілдетілген көлік картасын алу үшін өтініш жазу, жеке басын куәландыратын құжаты немесе баланың туу туралы куәлігінің болуы, оқу орнынан анықтама және 3х4 немесе 4х5 фотосуретін ұсыну қажет.

Жәрдемақыны алу үшін қажетті анықтама  eGov порталында және eGov мобильді қосымшасынан ала аласыздар. 

Өтініш жазып, картаны Жібек жолы көшесі, 3 мекенжайы бойынша «Өскемен жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС-дан алуға болады.