Куәгерлердің айтуынша 19 тамыз күні Қ.Сәтбаев даңғылындағы көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан 15 жасар бала құлап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған қауіп төндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өлімнің мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.