Өскеменде 18 жастағы жігіттен оқ-дәрі тәркіленді

681
көрілім

Өскемен қаласында 18 жастағы жігіттен оқ тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын ала шарасын жүргізу барысында 18 жастағы жігітті тоқтатқан. «Тексеру барысында оның сөмкесінен Макаров тапаншасының 5 оғы табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Айта кетейік, осыған дейін Семей қаласында 17 жастағы жасөспірімнен оқ тәркіленген болатын. Ол 5,45 және 7,62 калибрлі 2 оқты қалтасына салып жүрген.