Өскеменде 1 жасар бала сақина жұтып қойды

185
көрілім
Фото:Stan.kz сайтынан

Жедел жәрдем станциясының диспетчері телефон арқылы нұсқаулық беріп, баланы құтқаруға көмектесті деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр. «103» жедел арнасына түскен коңырауда 1 жасар баланың абайсызда сақина жұтып қойғаны айтылған. Жұтылған зат тыныс алу жолдарын жауып, тұншығуға себеп болған.
«Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы кеңес беріп, Геймлих әдісін қалай қолдану керетігін түсіндірген. Барлық әрекет сәтті болып, бала тыныс ала бастады», делінген басқарма мәліметінде.