Өскеменде №20 тұрғын үй аумағына электр қуаты берілді. Тұрғындармен жолыққан облыс басшысы Даниал Ахметов келесі жылы су желісінің іске қосылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ЖМК ауданында орналасқан №20 тұрғын үй ауданының тұрғындары су, электр желілерінің жоқтығын айтып, осыған дейін жиі шағымданған болатын. Жаңа ауданда жеке меншік үйлер көптен салынғанмен, бірнеше жыл бойы сусыз, жарықсыз күн көріп келді. Іске қосылған жаңа желі тек үйлерге электр қуатын тасымалдап қана қоймай, көшелерді де жарықпен қамтамасыз етпек.
– 2018 жылы су және жылу жүйесінің құрылысы қолға алынады, – деді Даниал Ахметов, –Жаңа жолдың да құрылысын жоспарлап отырмыз. Дәл осы жерден Самар тасжолына шығатын жаңа жол салынатын болады,