Облыс орталығында 500-ден астам қоқыс жәшіктері жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Таяуда Өскемен қаласының әкімдігінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, және шығару мәселесі бойынша отырыс өтті.
- Бізде 305 контейнер жетіспейді. Оның 221-і қағаз бен пластикке арналған контейнерлер. Сондай-ақ 534 контейнер жөндеуді қажет етеді. Ал 335 қоқыс жәшігінің дөңгелегі жоқ, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, қоқыс шығаруға жауапты барлық компаниялар қоқысқа арналған контейнерлермен жабдықтауы тиіс.
Қазіргі уақытта жәшіктерді ауыстыру жұмыстары басталып кетті. Мысалы, Н.Назарбаев көшесі, 56, Астана көшесі, 30 және Виноградов көшесі, 25 үйлерде жаңа контейнерлер қойылған.
Валентина СЕЙІТҚАНОВА