Өскеменде 3200-ге жуық жарық бағаны жөнделді

360
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Онда жарық мәселесіне де назар аударылды. Әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігі ескерілді.
- Уақыт белдеуі өзгерген соң қараңғы тез түседі. Таңертең білінбегенімен, кешке байқалады. Ал оқу басталысымен балалар үшін тіпті ыңғайсыз болмақ. Сондықтан мектеп аулаларын жарықтандыру мәселелерін тиісті басшылықтарға тапсырдым. Ақпаннан бастап 4000 жарықтың 3200-ге жуығы қосылды, енді қалған 800-і жөнделмек, - деді өңір басшысы Ермек Беделбайұлы.

Қымбат МУХАМАДИЕВА