Өскеменде 32 жастағы жігіт үй алып беруге уәде беріп, адамдарды алдап кеткен – ШҚО ІІД

783
көрілім

Өскемен қаласының ІІБ-на қарасты Үлбі полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бұрын бірнеше мәрте сотты болған Б.Махмұт есімді азаматқа қатысты ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін аталған азаматтың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен алты Тарбағатай ауданының тұрғыны полицияға арыз түсіріп отыр.

– Ер адам өзін «Арсенмін» деп таныстырып, жеңілдетілген бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде берген. Бұл үшін алдын ала 300 мың теңге сұраған. Сомаға ие болғаннан кейін уақытты созбақтап, ақыры із-түссіз жоғалып кетіп отырған. Қазіргі уақытта жәбірленушілердің арыздарының бәрі бір іске біріктірілді, – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның болжамына сәйкес, 32 жастағы күдіктіден зардап шеккендердің қатары алтыдан көп болуы мүмкін. Егер де аталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер табылып жатса, Үлбі полиция бөліміне 232-005, 232-007 нөміріне хабарласуға болады.