Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскеменге Мәскеуден келген 3 адамнан коронавирус анықталды» деген ақпарат тарап кеткен.
- Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазірде ШҚО-да бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Ел арасында жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз, - деп хабарлады штаб өкілдері.