Өскеменде 50 жастағы әйел притон ұйымдастырған

1782
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Заңсыз еңбек және жыныстық қанаумен, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға тартатын қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізілген рейд кезінде 50 жастағы тұрғынның жеңгетайлықпен айналысқаны анықталды. Оқиға желтоқсан айының басында болған. Оның пәтерінде 20 жастан 35 жасқа дейінгі бес қыз анықталып, интимдік қызмет көрсеткендері белгілі болды.

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген мәліметте. - Оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.