Өскеменде 50-ші мектепке оқушыларды қабылдау жүргізілуде

324
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Анықталғандай, биыл "Нұрлы жол" шағын ауданындағы жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
600 орындық оқу орны қала шетіндегі Базовая көшесінде салынуда. Білім ордасы қаладағы 50-ші мектеп болады деп жоспарланған.
-  2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тілде оқытатын 0-11 сыныптарға оқушыларды алдын ала қабылдау жүргізілуде.Толық ақпаратты Өскемен қаласы Шәкәрім даңғылы 156 мекенжайы бойынша немесе +7-777-391-79-98 (17: 00 дейін) нөмірі бойынша алуға болады, — деп хабарлады Өскемен қаласы білім бөліміндегілер.