Өскеменде 6000 бүлдіршін балабақшаларға сыймай жатыр

345
көрілім

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, облыс орталығындағы 6000 бүлдіршін мектепке дейінгі мекемелердің барлығына сыймауда. Осыған байланысты қаладағы коттеждерді балабақшаға айналдыру ұсынылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Бұл туралы қала әкімдігі мамандары мәлімдеді. Өскемен шаһарының әкімі білім бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстандағы желілік балабақшалар құрылысының тәжірибесін зерделеуді тапсырды.
– Республикамыздағы бірнеше үлкен қалаларда кәсіпкерлер осымен айналысады. Сондықтан оларды шақырып, жер телімдерін беру қажет, – деп кеңес берді Жақсылық Омар.
Қала басшысының сөзінше, бұл жұмыспен айналысқысы келетін жергілікті кәсіпкерлер бар. Сатылатын коттедждер де жеткілікті. Оларды алып 50 орындық балабақшалар ашуға болады. Мәселені тез арада шешу керек.