Өскеменде 85 көлік жүргізушісінен арнайы рұқсаттама тәркіленді

517
көрілім
Фотосурет 24.kz сайтынан

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері 85 көлік жүргізушісінен арнайы рұқсаттаманы тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында арнайы рұқсаттамамен жүрген 45 жүргізушінің мемлекеттік органдарға және шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға еш қатысы жоқ екендігі анықталған.

– Тәртіп сақшылары 1989 жылғы әйел адам тізгіндеген «Фольксваген Пассат» көлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның мемлекеттік қызметте немесе қандай да бір ЖШС-да жұмыс істемейтіндігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер рейд кезінде «Хюндай» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Қызыл түсті арнайы рұқсаттаманы көрсеткен жүргізуші зейнеткер болып шықты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері тәркілеген рұқсат қағаздары қалалық әкімдікке жіберілген.