Өскеменде 85 жастағы анасын туған ұлы тонап кеткен

390
көрілім

Оқиға облыс орталығында мереке күні орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Бір шаңырақ астында тұрып жатқан қарт анасын туған ұлы тонап, тәртіп сақшыларымен ұсталды. Матрас астына жинаған 640 мың теңге мен 300 АҚШ долларын 59 жастағы ұлы жымқырып, ізін суытпақ болған. Алайда қолға түскен ол, кінәсін толық мойындады.
Ұқсас оқиға Семей қаласының полиция қызметкерлерімен тіркелген. 38 жастағы еркек анасынан тұздалған 4 банкі көкөніс салатын ұрлады. 57 жастағы анасы дереу полицияға хабар беріп, рұқсатсыз алынған заттар орнына қайтарылған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.