Өскеменде 9 ұрлыққа қатысы бар әккі ұры қолға түсті

443
көрілім

Жедел іздестіру шаралары барысында Өскемен Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 9 ұрлыққа қатысы бар деген айыппен 27 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Күдікті үйлер мен пәтерлердің терезесін сындыру немесе құлпын бұзу арқылы ішке кіріп отырған. Қазіргі уақытта өз кінәсін мойындады, - делінген хабарламада.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3 375 000 теңгені құрады. Осы уақытқа дейін ер адамның үстінен 7 рет қылмыстық іс қозғалған және осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық Кодекстің 188 бабы 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.