Өскеменде 18 жастағы есірткі қойып кетушіні ұстады

299
көрілім
фотосурет ШҚО ПД

Өскемен полицейлері есірткі тасымалдаушының жолын кесіп, құрықтады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Есірткі бизнесіне есі кетіп,  оңай олжаны ойлағандар азаяр емес. Облыс орталығында ұсталған 18 жасар қала тұрғыны  жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті деп танылып құрықталды.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары жас жігіттен жалпы салмағы шамамен 15 грамм болатын «а-PVP»синтетикалық затын тәркіледі. Бұл шамамен 50 реттік доза.

Аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге есірткіні заңсыз сатып алып, сатқаны  үшін  қылмыстық іс қозғалып  жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта күдікті соттың шешімі мен қамауға алынды.

НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ