Бұл туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
14 мамырдан бастап Өскеменде некені Белинский көшесі, 37а (2-қабат) мекенжайы бойынша тіркейді. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
- Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда үйленгісі келетінін немесе үйленбейтінін таңдай алады, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АХАТ қызметтері Сәтбаев даңғылы, 88/2 мекенжайындағы Неке сарайында көрсетілген болатын.