Өскеменде ағайындылар саяжайға ұрлыққа түскен

588
көрілім

Қаңтар айының 18-і күні Өскемен қалалық Полиция басқармасы Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ұрлық жөнінде қоңырау түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, «Звезда» бау-бақша серіктестігінде орналасқан саяжай учаскесінен 100 000 теңгеге бағаланған мыс кабельдері ұрланғандығына арызданған.

- Көп ұзамай дәл осындай ұрлық жасалғанын айтып, жәбірленушінің 64 жастағы көршісі де шағымданды. Ол саяжайдағы үйнен шамамен 120 000 теңге тұратын титан су құдығы ұрланғанын жеткізген. Жедел-іздестіру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған ұрлықтарға қатысы бар адамдарды анықтады, - делінген мәліметте. - 28, 35 жастағы ер адамдармен бірге қылмысқа барған 31 және 33 жастағы ағайындылар күдікті болып, жауап алу барысында кінәсін мойындады.

- Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясымен 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.