Өскеменде Ақсақалдар форумы өтті

633
көрілім

Халықаралық қарттар күні қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Қариялардың өңірлік II форумы» болып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Форумға Өскемен өңірі бойынша қала, аудандардан барлығы 150-дей ақсақал жиналды. «Рухани жаңғырудағы қариялардың рөлі» деген атпен өткен бұл форумда рухани жаңғырудағы ақсақалдардың орны, ұлттық кодты сақтау, озық дәстүрлерді насихаттау қатарлы келелі бастамалар талқыланды.

— Жерлеу рәсімдерін бірізділіке салу мақсатында Діни басқармадан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап басылған болатын. Осы кітапты таныстыру, халыққа кеңінен насихаттау бүгінгі таңдағы басты міндет болып отыр. Бұл орайда ақсақалдарымыздың рөлі аса зор. Ауыл-аймақтың ақылшы ақсақалдары жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру ісіне бастамашы болып, Діни басқарманың бастамасын қолдауы керек. Біз бұл шараларды рухани жаңғыру аясында осы жиынның басты мақсаты ретінде белгілеп отырмыз, деп атап өтті жиынның ашылуында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.

Шара барысында жиынға қатысқан қариялар сауалдар қойып, ұсыныс- пікірлерін ортаға салды.

Форумының соңында руханият шараларына үлес қосып келе жатқан бірқатар қариялар ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.