Өскеменде алаяқтық жолмен науқас көршісінің мүлкін сатып жіберген әйел ұсталды

1329
көрілім

Желтоқсан айының соңында Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне желтоқсан айының басында, алаяққа алдану фактісі бойынша өтініш түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қаланың 19 жастағы тұрғыны 27 жастағы танысының алдап, жатақханадағы бөлмесін иемденіп алғандығына шағымданған. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті әйелді қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында, күдікті әйел 19 жастағы көршісінің психоневрологиялық есепте тұратынын біліп, соны пайдаланып мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алған. Сөйтіп қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлігін сатып жіберген, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты келу міндеттемесі түріндегі шара қолданылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.