Өскеменде алғаш рет жаңа автокөлік онлайн тіркелді. «SKODA KODIAQ"автокөлігінің иесі Кирилл Пискарев Өскемен қаласының тұрғыны. Автокөлік "Бипек-Авто" автосалоны арқылы сатып алған, деп хабарлайды ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз хатшысы.
Автосалонда автокөлік сатып алған қазақстандықтар оларды онлайн режимінде электрондық үкімет порталында тіркей алады. Ол үшін автокөлік сатып алу туралы келісім жасасқаннан соң автосалон өкілі egov.kz сайтында көлік құралын тіркеуге өтініш толтыруы керек. Оған қажетті құжаттарды тіркеу маңызды, автомобильдің VIN-кодын, сондай-ақ клиенттің ЖСН көрсетіп тіркейді. Бұл қосымша тапсырыс берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Сатып алушы осы өтініммен Жеке кабинетте танысу, өз автомобилі үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдау, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеу, бұдан әрі - өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып растау қажет.
Дайын техпаспортты және нөмірлік белгіні сатып алушы тиісті хабарлама алғаннан кейін жұмыс күні ішінде мамандандырылған ХҚКО-дан өз бетінше ала алады. Бұдан бөлек, адам алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу бойынша автосалон қызметін пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде мамндандырылған ХҚКО egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істейтінін ескертеді.
Айта кетейік, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер үшін қолжетімді.