Өскеменде алкогольсіз сусын өндіретін зауыт салынбақ

419
көрілім
Шартты фотосурет

Аталған нысан Жібек-маталар комбинаты ықшам ауданында бой көтермек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаланың сол жағалау бөлігінде негізі қаланатын нысанда «Тамила Плюс» ЖШС тазартылған су мен алкогольсіз сусын өндіруді жоспарлап отыр.
Аталған серіктестіктің техникалық директоры Ермек Сұлтанбекұлының сөзінше, бұған қайта жаңғырту және даму бойынша Еуразия банкі несие желісі арқылы қаржы бөлген. Енді жұмыс басталатын жер бекітіліп, құжат жұмыстары шешілуі тиіс. Бұны біржақты ету үшін кәсіпкер қала әкімі Жақсылық Омарға жүгінді. Шаһар басшысы көмектесуге дайын.
Жалпы, зауыт салынса, 300 жұмыс орны ашылмақ.