Алма ағаштарды кеміргіштерден қорғап, қысқы маусымға дайындау қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еске салсақ, «Самал» саябағында ағаштарды отырғызған кәсіпкер – Сергей Бродский. Ол бақтағы көшеттерді үнемі бақылап, ағаштарға күтім жасайды. Бірақ кейде достарынан, таныстарынан және жай ғана қамқор азаматтардан көмек сұрайды. 18 қарашада, яғни сенбі күні Сергейге көшеттерді қысқа дайындауға көмектесулеріңізге болады.
Ағаштарды кеміргіштерден қорғау үшін діңін бақша лентасымен орау керек. Өзіңізбен бірге ештеңе алудың қажеті жоқ, ленталар сол жерде беріледі.
Ниет білдіргендер сол жерге сағат 10:00-де жиналуы тиіс.
oskemende_alma_bahyn_otyrhyzhan_kesipker_
49