Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында ғалым Алтай Аманжоловтың 90 жылдығына орай өңірлік өлкетану конференциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтынының тілшісі.
Түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессордың мерейтойы қарсаңында рухани білім ордасына жиналған оқытушылар мен тіл білімінің өкілдері әр тақырыпта ой өрбітті. Одан бөлек, шараға С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері мен шәкірт тәрбиелеп жүрген өзге де ұстаздар қатысты.
Жазушы Алдияр Аубакировтың сөзінше, көпшілік тоғыз тілді меңгерген профессор Алтай Сәрсенұлының еңбектерін келешек ұрпаққа паш ету мақсатында жиналды.
- Белгілі түркітанушының сіңірген еңбектерін алға тартып, әкесінің ізін жалғастырушы ғалым ретінде жасаған жұмыстарын өскелең ұрпаққа мұра ретінде қалдырып отырмыз. Мұндай жиындардың көптен өткізілгені орынды. Әке жолын жалғаған асыл ұлдың елге тигізген үлесі зор. Осы орайда біздің де арамыздан осындай біртуар азаматтар мен ойлы нәзік жандылардың шықпасына кім кепіл? - деді жазушы.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ