Дәрігерлер мұны өңір бойынша емес, республика көлемінде сирек кездесетін жағдай екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл қыз бала. Салмағы – 6 келі 180 грамм, бойы – 57 см. Қаладағы Ана мен бала орталығында сәбидің анасына тиісті көмек көрсетіліп, ақ халаттылар қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Әдеттегі босану жағдайларына қарағанда мұның жұмысы барысы күрделі болатыны белгілі. Десе де барлығы табиғи жолмен жалғасты.
Анықталғандай, бөбектің анасы 33 жаста. Осымен төртінші баласын өмірге әкелді.
- Мұндай жағдай облыс қана емес, республика көлемінде сирек кездесетін жайт. Сәбидің де, анасының да жағдайы жақсы. Барлығы жақсы болсын дейміз, – деді босану бөлімінің меңгерушісі Жадыра Дюсупова.
Айта кетейік, бұл биыл туған тұңғыш алып бала. Ал Ана мен бала орталығында дүниеге келген ең кішкентай нәрестенің салмағы 730 граммды көрсетті. Қазір ол Реанимация және интенсивті терапия орталығында.
Әділхан ЕСІМХАНОВ