Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Amanat» партиясының кезектен тыс XXII съезінде өңір басшылығындағылар алдағы уақытта қолға алынуы тиіс міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Президент берген тапсырмалар аясында партияны жаңғыртудың негізгі бағыттары аталған партия активінің отырысында талқыланды.
Шараға «Amanat» партиясы ШҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов, ««Amanat»» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков, Саяси кеңес мүшелері, Бюро мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутатары, Мәслихат хатшылары, аумақтық филиалдардың төрағалары мен бірінші орынбасарлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Өңір басшысы Партия Төрағасы, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмаларды барынша қысқа мерзімде орындауды тапсырғанын айта келе созбалаңға салмай, қарқынды жұмыс істеуге шақырды.
– «Аманат» – бұл елдің өтініш-тілегін басшылыққа алатын әділдік, халық бірлігі, алға қарай нық қадам басу, халық пікірін, ұсынысын тыңдайтын һәм азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия. Біз, Шығыс Қазақстан облысының партия мүшелері, Президент берген тапсырмалар мен қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш жігерімізді саламыз, – деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар облыстық филиал төрағасы партияның облыстық, аумақтық филиалдарына және мәслихат хатшысымен депутаттарға партия жұмысын жүйелі жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.