Өскеменде апатты жағдайда қонған Ан-2 ұшағының бортында 5 адам болған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бүгін сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында "Орлан-2000 әуе компаниясы" ЖШС-нің Ан-2 әуе кемесі апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағытымен ұшқан.
- Алайда тапсырма өзгеріп, әуе-кемесі Өскеменге кері қайтады. Бірақ Прапорщиково ауылының маңындағы 124 бағытта қозғалтқыш жана бастаған. Бортта бес адам болды. Экипаж және жолаушылар аман-есен, - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.