Маусым айының 1-нен бастап облыс орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтпейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ақпаратпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы бөлісті. Оларға облыс басшылығынан маусым айынан бастап жәрмеңке өткізу тоқтатылатыны туралы хат түскен.
– Шараны қайта жандандыру мерзімі кейінірек белгілі болады, – делінген мәліметте.
Айта кетейік, аталған жәрмеңке әр сенбіде Өскемендегі «ТНП» дүкені көлік тұрағында (Сәтпаев даңғылы, 39 мекенжайы) өткізілетін. Соңғы рет Зайсан ауданының кәсіпкерлері келген болатын.
oskemende_apta_sayynhy_zhermenkeler_tokta
59