Өскеменде арнайы комиссия қоқыс жинауға қатысты мәселелерді шешуде

387
көрілім

Облыс орталығының бірнеше ауданында қоқыс қалдықтары уақытылы тазаланбайды. Коммуналдық компаниялар олардың жұмысына кедергі келтіретін себептерді анықтады, деп хабарайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесуде тұрғын үйлер алдындағы қоқыс мәселесі сөз болды. Қала тұрғындарының айтуынша, қызметі үшін ақы төленетін фирма өз жұмысын уақытылы атқармайды. Нәтижесінде қалдықтар жиналып, ауаға жағымсыз иіс таралады.

Мәселенің мәнісін түсінген қала әкімдігі шешімін табуға уәде берді. Қазіргі уақытта бұл мәселемен арнайы комиссия айналысуда.

- Қалдықтардың уақытылы тазаланбауында 2 себеп бар: кадрлардың жетіспеушілігі мен уақытылы ақы төлемеушілер, - деп түсіндірді Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдік кадр жетіспеушілігін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен шешуге тырысуда. Лауазымды тұлғаларға қажеттілікке ие мамандарды іздеу және қайта даярлау тапсырылды.

Қала әкімдігінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ филиалдарының өкілдері борышкерлермен байланыс орнатуға тырысуда.

- Комиссия мүшелері берешегі бар үйлерді аралауды бастады, - деа хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. - Көбінесе бұл пәтерлерде жалға алушылар тұрады. Мұндай адамдардың кесірінен бүкіл үй тұрғындары зардап шегеді.

Айта кетейік, Өскемен қаласында қоқыс мәселесімен 2 компания айналысады: "Өскеменспецкоммунтранс" және "Өскемен-Тазалық". Мекемелермен 57-79-40, 21-10-49 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.