ШҚО бойынша 27 және 31 наурыз аралығында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб бұл күндері белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қабылдануы мүмкін екендігі ескерткен.
Бүгін Өскемен тұрғындары Протозанов көшесіндегі, Шәкәрім даңғылындағы және қаланың басқа да жерлеріндегі шектеулерге шағымданған. Полиция департаменті өз кезегінде, бұл шаралар оқу-жаттығуға байланысты екендігін түсіндірді.
Лаула КИМАДИЕВА