Өскеменде Арыс қаласының тұрғындарына көмек қоры ашылды

485
көрілім

«Нұр Отан» партиясы гуманитарлық көмек пунктінде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттарды қабылдауда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғаға байланысты Өскемен қаласында көмек пункті ашылғанын хабарлаймыз, – делінген хабарламада.
Консервілер, макарон өнімдері, балаларға арналған киімдер мен көрпе-жастықтар аса қажет.
Қол созамын деушілер Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 121 мекенжайы бойынша байланыса алады («Нұр Отан» партиясы ғимараты).
Байланыс телефондары:  8-777-201-11-07 (Олег), 8-705-508-32-44 (Аманбай)