Өскеменде арзан жеміс-көкөніс өнімдері сатылатын сауда орындары ашылмақ

574
көрілім

Қала басшылығы төмендетілген бағамен сатылатын бірнеше сауда орындарын ашуды көздеп отыр. Бұл жерде жеміс пен көкөніс бағасы нарық бағасынан айтарлықтай төмен болмақ. Қазіргі уақытта мұндай сауда орыны «Жәрдем» базарының бір бөлімінде ашылып та қойған деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын төмендету мқсатында Өскемен қалалық әкімдігі мен ЖК Қыздарова арасында өзара серіктестік жайлы Меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта басқа сауда орындары «Ивушка» базары мен «Фреш-Маркетте» ашылатын көрінеді.

Нақтырақ айтқанда, арзан бағамен жергілікті орамжапырақ пен қызанақ, елдің оңтүстігінен әкелінетін пияз, Павлодар облысынан әкелінетін картоп, сәбіз және қызылша сатылмақ. Мәселен, картоп — 75 теңге, сәбіз — 95 теңге, орамжапырақ — 55 теңгеге сатылуда.