Өскеменде «ащы суға» тойып алған тұрғын өзін-өзі «тонаған»

510
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының ортасында Өскемен қалалық Полиция басқармасына 32 жастағы қала тұрғыны хабарласып, ұялы телефоны мен ноутбугі ұрланғанын жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес шағымданған тұрғын жоғалған заттарын 28 жастағы танысының жалдамалы пәтерде үптеп кеткендігін алға тартқан.

– Алайда сотқа дейінгі тергеу барысында полицияға хабарласқан азамат 28 жастағы ер адаммен бірге спирттік ішімдік ішіп отырып «жоғалды» деп хабарлаған заттарын өзі 50 мың теңгеге ломбардқа салып, ақшаны араққа жұмсаған, – деді Полиция департаментіндегілер.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 419-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.