Алдағы жұма күні ертістің сол жағалау ауданында орналасқан «Өскемен» алллеясында ашық аспан астындағы кино көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен 19 шілде күні кешке "Өскемен" аллеясында "Алпамыс мектепке барады" отандық фильмінің көрсетілімі өтеді. Кинодан кейін қала тұрғындары үшін аллеяда би кеші ұйымдастырылады.
Бұл жұма кезін қызықты өткізгісі келетін өскемендіктерге арналған кеш. Киноға кіру тегін.