Республикалық бас және мойын ісіктері туралы хабардар болу апталығы аясында 8 маусым күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылар сөзінше, қазіргі таңда орталық қызметкерлері тек емдеу шараларымен айналыспайды.
– Біздің міндетіміздің бірі – жұртшылық назарын қатерлі ісік мәселесіне аудару. Онкология туралы негативті ойлар емес, керісінше, бұл дерттің алдын алып, емін табуға болатынын айтқымыз келеді. Ашық есік күніне тек қала тұрғындары емес, өңірдің басқа да аймақтарынан келеді, – деді аталған орталық директоры Гүлмира Сагидуллина баспасөз мәслихаты барысында.
Облыс азаматтары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан тегін кеңес ала алады. Терапевт маман жолдамасы қажет емес, өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Орталық мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).
Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7232) 48-91-51, +7 778 003 78 45.
Қымбат МУХАМАДИЕВА