13 шілдеде ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл күні облыс тұрғындары МӘМС жүйесіндегі статусына қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы міндетті. Дәрігерден жолдама талап етілмейді.
Орталықтың мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше. Байланыс үшін: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.