Өскеменде Ашық есік күні өтеді

324
көрілім
Фотосурет: ШҚО КОжХО

1 және 2 тамызда сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау және алдын алу бойынша кезекті Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл күні облыс тұрғындары МӘМС жүйесіндегі статусына қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Терапевт дәрігерден жолдама талап етілмейді. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана).
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.