Өскеменде асыл тұқымды ит ұрлаған ер адам ұсталды

527
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ер адам қоңырау шалып, асыл тұқымды итінің ұрланғанына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес 35 жастағы ЖШС қызметкері жүгініп, белгісіз біреу күндіз сағат 10:40 шамасында қоршаудан Пекинес тұқымды 2 жасар итін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 80 мың теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері ізін суытпай, ұрлыққа қатысы бар адамды қолға анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында ол 66 жастағы әйел екені анықталды, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.