Өскеменде ауа ластануы мүмкін

778
көрілім

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар еліміздің төрт қаласында - Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін екендігін жеткізді.

– Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, – делінген мәліметте.