«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары соңғы күндері Өскеменде ауадағы зиянды заттардың жоғары деңгейі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығында, Риддер қаласы және Жаңа Бұқтырма ауылында 3 қаңтардан басталған қолайсыз метеорологиялық жағдай 9-ына дейін созылмақ.
«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскемен ауасындағы ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:
– көміртегі тотығы – 1,8-ге дейін;
– азот диоксиді – 1,6-ге дейін;
– күкірт диоксиді – 5,7-ге дейін;
– күкіртті сутек – 20,4-ге дейін артқан.